Жаңалықтар

Сарысу разъезі маңында тепловоз бен локомотив соқтығысты

фото: ҚТЖ

Бұл – апта ішіндегі теміржол бойында болған екінші апат

15 қазанда сағат 10:10-да Сарысу разъезі маңындағы жолда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соның салдарынан 5 бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды.

Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ.

Оқиға магистраль бойындағы өзге пойыздардың қозғалысына зиянын тигізген жоқ, - деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.