Полицейлер келінін перзентханаға апармақ болған қарияға көмектесті
Полиция қызметкерлері босанғалы жатқан әйелге көмектескен
Абай облысының Бесқарағай ауданында тәртіп сақшылары босанғалы жатқан ананың перзентханаға жетуіне атсалысқан, деп жазды turkystan.kz.
"Бүгін Канонерка ауылының маңындағы тасжолда полицейлер көліктің жарығы жанып тұрғанын байқап, ондағы адамдардың көмекке мұқтаж екенін түсінді. Қарт кісі босанатын уақыты келген келінін перзентханаға апармақ болған. Тәртіп сақшылары жедел жәрдеммен байланысып, көліктің “Ертіс” бақылау бекетіне дейін қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етті", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полицейлердің қамқорлығына риза болған қария алғысын білдірген. “Көмектесіп, шығарып салып, жедел жәрдем шақырды... Полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды айтамын!” - деп ризашылығын білдірді қарт кісі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Абай облысы Полиция Департаменті (@abai_department_police)