Жаһан

Израильдің алмаз магнаты Бени Штейнмец Грекияда ұсталды

сурет: ynet.co.il

Грекия полициясы жексенбі күні израильдің алмаз кен орындарының магнаты Бени Штейнмецті Румынияның ордері бойынша қамауға алды. Штейнмец Афина халықаралық әуежайына жеке ұшақпен келгеннен бірнеше сағат өткен соң ұсталды. Оған қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар деген айып тағылып отыр, деп хабарлады euronews.com.

Штейнмецтің адвокаты Ставрос Тогиас жағдайға байланысты былай деп мәлімдеді:  

«Грекияда немесе кез келген құрметті мемлекетте осындай әкімшілік актінің әділ сот шешімін жоққа шығаруы – бұрын-соңды болмаған жағдай. Грек соты оның Румынияға экстрадицияланбайтынын және ел аумағында еркін жүру құқығы бар екенін заңды түрде растаған».  

2020 жылы Бухарест апелляциялық соты Штейнмецті 2006-2013 жылдары қылмыстық топ қызметіне қатысы бар деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды. Жексенбі күні оны4 қамауға алынуы – Румынияның Штейнмецті экстрадициялауға талпыныс жасаған кезекті әрекеттерінің бірі.  

2023 жылы осы іс бойынша айыпталған тағы бір тұлға, Румыния корольдік әулетінің мұрагері Пол Ламбрино, Парижде қамауға алынғанымен, экстрадициядан аман қалды. Оған Бэняса корольдік фермасын заңсыз қайтарумен айналысқан топқа қатысы бар деген күдік тағылған.  

2022 жылы грек соты Штейнмецтің экстрадициясын Румынияға жіберуге қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, қарсы шешім шығарған. Кипр мен Италия соттары да оны экстрадициялауға қарсы шешімдер қабылдаған.