Павлодар облысында келіншек күйеуін пышақтап тастады
Күдікті қамауға алынды.
Қайғылы оқиға Тереңкөл ауданындағы ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
38 жастағы азаматтың қарын тұсынан пышақ сұғылған.Марқұмның мәйіті өз үйінен табылған. Ол жергілікті кәсіпорында механизатор болып жұмыс істеген. Басты күдікті – келіншегі болып отыр. Алдын-ала дерек бойынша олардың арасында жанжал болған. Ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті растады.
«Тереңкөл ауданындағы Зеленая роща ауылындағы өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Тереңкөл ауданының Полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді полиция.