Қызылорданың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Серік Қожаниязов «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының вице-президенті болды.
Бұл жаңалықты Серік Қожаниязовтың өзі растады.
Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Кузбасс политехникалық институтын (РФ) «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірді.
2002 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің Қызылорда филиалын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы №2 механика-жөндеу зауыты учаскесінің инженер-технологы, шебері болып бастаған.
1992-1999 жылдары «Серік» шағын кәсіпорнының, «Арко-инвест» инвестициялық жекешелендіру қорының директоры болды. Одан кейінгі жылдарда Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы «Қалалық бизнес-орталық» мемлекеттік кәсіпорнының және Қызылорда облысы әкімінің жанындағы «Инвестициялар тарту және бағалы қағаздар нарығын дамыту орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Қызылорда қаласындағы «Сенім» ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директоры қызметтерін атқарды.
2001-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры;
2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкім лауазымында болса, 2008- 2014 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, осы бөлім меңгерушісінің орынбасары, бұдан әрі Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, 2014-2019 жылға дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, 2019-2022 жылға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2022-2024 жылға дейін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған,
Ал 2024 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды.