Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

15 қазан, 2024 / Інжу Әлихан
primeminister.kz
Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкімет қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында қызмет еткен.

Тэгтер:

Тағайындау Төтенше жағдайлар вице-министрі