Жаңалықтар

Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға ірі көлемде айыппұл салынды

istockphoto.com

Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы экология заңнамасының сақталуына талдау жүргізу аясында «SAAT Group» ЖШС-мен мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықтың топыраққа төгілу фактісін анықтады.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдерінің іздері табылды.

Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңгеге айыппұл салынды.