Саясат

Талғар қаласы әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен әкім орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылды.

«Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген әкімдік хабарламасында.