Жамбыл облысында 2 әскери қызметшінің үстінен іс қозғалды
Нәтижесінде екеуі де бір тәулікке қамауға алынды.
Жамбыл облысында бөлім командирінің бұйрығын бұзғаны үшін екі әскери қызметшінің үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
Тамыз айында екі әскери қызметші Жуалы ауданындағы әскери бөлімге аудио және бейнежазбасы бар және Интернетке кіру мүмкіндігі бар ұялы телефонды алып келген. Олар өз әрекеттерімен бөлім командирінің бұйрығын бұзды.
Осы үшін екеуі де сотқа тартылды.
«Әскери қызметшілер өз кінәсін мойындап, туыстарымен және достарымен сөйлескілері келетінін айтты. ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігінің санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді», – деп түсіндірді сотта.
Нәтижесінде екеуі де бір тәулікке қамауға алынды.