Жаңалықтар

«Артық та, кем де қылмады»: Абай Бегейдің қызына қалың малға қанша бергені мәлім болды

instagram

16 жасында тұрмысқа шыққан әнші Абай Бегейдің қызы Сымбатқа берілген қалың мал сомасы белгілі болды. 

Жігіттің жеңгесі «Ел қатарлы бердік» деп нақты сумманы жасырмақ болғанымен, Сымбаттың жеңгесі жария етіп қойды.

«Құдаларымызға, Алла разы болсын. Ешкімнен артық та, кем де қылмай 3 миллион теңге әкелді», – деп жазды блогер келіншек.

Сондай-ақ Абай Бегейдің келіні Бәдинұр желідегі парақшасында қайын сіңілісінің жасауына 40 млн теңге жұмсалғанын жазды.

«Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар: Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын», – деп жазды қыздың жеңгесі.