Адам бір нәрсеге ең көп дегенде 17 минут қана зейін қоя алады – зерттеу
Dailymail-де жарияланған зерттеулерге сәйкес, қазіргі адам бір тапсырмаға небәрі 17 минут 10 секунд қана зейін қоя алады. Ал зумерлерге байланысты жағдай бұдан да нашар: олардың жартысы 1 минуттан ұзақ назар аудара алмайды. Ұлыбританияда 2000 адам арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ересек адамдардың зейін шоғырландыру деңгейі расында төмендеген. Салыстыру үшін айтсақ, 65 жастағы және одан үлкен адамдардың арасында мұндай ой бөліну деңгейі тек 7 пайыз болған.
Зерттеуге сүйенсек, бұған гаджеттер, стресс және шаршау себеп. Біз смартфондарға жиі үңіліп, басқа міндеттерге алаңдап немесе қиялға беріліп кетеміз.
Бұл тек жұмысқа ғана емес, қарым-қатынасқа да әсер етеді: тіпті сөйлесіп отырған адамды тыңдауда да зейініміз 19 минутқа ғана жетеді. Одан кейін ойымыз телефонға, ертеңгі күннің жоспарларына ауа бастайды.