Павлодарда сау адамды психо-неврологиялық орталықта ұстаған
Заң бұзушылық фактісін прокуратура анықтады.
Павлодар облысының прокуратурасы тексеріс барысында еңбекке жарамды адамды психо-неврологиялық орталықта ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл адам мамандандырылған мекемеге сот шешімі бойынша 2008 жылы орналастырылған.
Прокуратура араласқаннан кейін мамандар оның денсаулығы жақсарғанын анықтаған. Ал орталық қызметкерлері оған мән бермеген.
«Прокурордың талап-арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізілгеннен кейін аталған тұлға еңбекке жарамды деп танылды, психо-неврологиялық орталықтың қамқорлығынан босатылды. Кінәлі тұлғалао тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.