Жаңалықтар

Қарағанды облысында ХҚКО бұрынғы басшысы ұсталды

istockphoto.com

Басшының орынбасары да қамауға алынған.

Қарағанды облысында жүк автокөліктерін тіркеу ісіндегі алаяқтық анықталды, деп жазады turkystan.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«ХҚКО қызметкерлері көлік құралын тіркеу кезіндегі алымды және утилизация төлемдерін төлемеу үшін ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізген», - деді ведомство.

Бас-аяғы 33 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Сол себепті мемлекет бюджетіне 315 млн теңге шығын келген.

Мамандандырылған ХҚКО бұрынғы басшысы мен орынбасары қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың 42 млн теңге тұратын мүлкі бұғатталды.