Жаңалықтар

Атырауда аурухана бухгалтері 570 млн теңге жымқырған

istockphoto.com

Атыраудың №2 сотында сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемдену, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру ісі қаралды.

Атыраудың қалалық емханасының бас бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, 2012-2023 жылдары 573 млн теңгеден астам бюджет ақшасын өзінің банктегі есепшоттарына аударып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық жолмен алынған бұл қаражатты ол ақша аудару келісімдері арқылы заңдастырған.

Емханаға аса ірі мөлшерде шығын келген.

Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңге қайтарды.

Ол өз кінәсін ішінара мойындап, барынша жұмсақ жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ақшамен және материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.