Астанада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды: Полиция үндеу жасады (ВИДЕО)
19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған, деп хабарлады turkystan.kz.
"Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады. Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында", - делінген Астана қаласының ПД таратқан хабарламада.
<
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)
>