Жаңалықтар

Ауа-райына байланысты 8 облыста жүргізушілерге ескерту жарияланды

istockphoto.com

Қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы 15 қазанда Қазақстанның 15 облысында ауа-райы нашарлайтынын хабарлады.

Ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, қар жабысқақ болуы мүмкін. Шымкент, Алматы мен Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады.

«Осыған орай жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолдағы ауа-райын ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Автожолдардың жағдайы туралы барлық ақпаратты «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін  1403 нөміріне хабарласып білуге болады.