Айқын Төлепберген үйлену тойына шақырған қонақтарына ескерту айтты
Әнші Айқын Төлепберген 17 қазанда өтетін үйлену тойы болатынын мәлім етті.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тойға дайындық қалай жүріп жатқанын айтып, видео жариялады. Сондай-ақ шақырылған қонақтарына үндеу жасады.
Өнер иесі көпшілікке тойға ұмытпай келуін ескертті. Ал келмей қалған жандарға нөмірін өшіріп тастауға кеңес берді.
«Жұлдыз той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі күні тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады», - деді әнші.