«Жолым болғаны рас»: Гүлнұр Мамасарипова күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді
«Келінжан» сериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова «Сырласу» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтты.
«Жар таңдаудан жолым болғаны рас. Бірақ оңай қол жеткізген жоқпын. Мұның бәрі жас кезімізде қосылғанының әсері. Өйткені жастық шақтан бері бірге келеміз. Ол менің армандарымның бәрін біледі. Екеуміз құрдас болғасын да одан сескену мен аяқ тарту деген болмапты. Мен оған барлығын айтатынмын. Бір нәрсені жасағым келіп тұрса, қарсылық білдірмейтін. Тек қолдап отырады. Ұнамаса «осымен айналыспай-ақ қойшы» деп айтады. Мен оны тыңдаймын. Ол кісі де, мен де оңтүстіктенбіз. Бір-біріміздің менталитетімізді түсінеміз. Оның ішкі жан дүниесі қатты деуге болады. Сол себепті менің аттамайтын шеңберім өте көп. Маған да жан керек», – деді кинопродюсер.