Өскеменде екі дүкенді тонап кеткен күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы тонау болғаны туралы хабарлаған.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам дүкенге кіріп, қорқытып, бірнеше рет ұрып, кассадан 14 мың теңгені алып, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Екі күннен кейін полицияға дәл сондай қоңырау келіп түскен. Бұл жолы да ер адам азық-түлік дүкенінде сол сценарий бойынша әрекет еткен.