БҚО-да бес жастағы баланы иттер талаған
Баланы реанимациядан хирургия бөлімшесіне ауыстырған.
Алексеева көшесіндегі балалар ойнайтын алаңда иттер қыз балаға шабуыл жасаған, деп жазады turkystan.kz.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы 11 қазан күні күндізгі уақытта аудандық ауруханаға 5 жастағы баланың түскенін хабарлады. Баланың денесінде тістің іздері көп болған.
«Бала реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Дереу қажетті көмек көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды. Хирургия бөлімшесіне ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өзі жүреді, тамақтанады дейді дәрігерлер.