Жаңалықтар

«Қызықтың бәрі, ләззатттың бәрі түнде»: Исраил Сапарбай төсек қатынасы туралы жазатынын жасырмады (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Бұл тек жатар кезде оқитын өлеңдер

Ақын Исраил Сапарбай өзін эротика тақырыбында жазатын ақын екенін айтты.

Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты. 

«Қазақтың қызы — менің тақырыбым. Қызықтың бәрі, ләззатттың бәрі түнде. Бұл тек жатар кезде оқитын өлеңдер. Эротикалық өлеңдерім көп. Эротика, эстетика, этика деген үш ғылым бар. Төсек қатынасын өзің бере білуің керек. Поэзиямен, өлеңмен, әуенмен бере білуің керек.

Адам оны оқыған кезде қызығатындай. Өлеңді оқығаннан кейін жігіт қызды, қыз жігітті іздейді. Өйткені сен оянасың. Эротика деген — әлемдік масштабтағы поэзия. Эротика деген Абай заманында да болған. Бірақ оған біз мән бермегенбіз», — деді ақын.