13 қазанда Семей қаласында жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәресте күйік салдарынан ауруханада көз жұмды.
Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.
Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын, - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Қазір бұл іс облыстық прокуратураның бақылауында, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.