Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағына таласады

13 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
instagram.com/shavkatrakhmonov94
Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммад

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада кездесу өткізеді.

Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммад.

Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақстандық чемпион атануы мүмкін.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов UFC