Қазақстанда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 500 мың теңгеге жетті
Сарапшылар баспана бағасының көтерілуін құрылыс материалдарының қымбаттауымен де байланыстырады
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны орташа есеппен 500 мың теңгеге жетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро бағдарламасы.
Бүгінде баспананы сатып алудан бөлек жалға алу бағасы да қымбаттаған. Бірақ бұл жолы баға өсімі әдеттегідей Астана мен Алматыда емес, өңірлерде байқалып отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі 1 айда пәтер жалдау құны бірден 5 пайызға қымбаттаған Өскемен мен Қарағанды және Көкшетау қалалары алғашқы үштікте тұр.
Ал кейінгі 1 жылдағы ең жоғары өсім Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда тіркелген.
Сарапшылар баспана бағасының көтерілуін құрылыс материалдарының қымбаттауымен де байланыстырады.
Олардың айтуынша, қазір елімізде құрылыста пайдаланылатын құрылыс материалдарының 65% шетелдерден әкелінеді.