Қоғам

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді

Видеодан алынған кадр

ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды

Зайсан ауданы Мұқашы ауылында шөп қоймасы өртенді. Қоймада жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бума жиналған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды.

"Өртсөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.