Қоғам

Астанада өткен тәулікте 100-ден астам жол-көлік апаты болды

elordainfo.kz

Полиция департаменті астаналықтарға жолдарда өте мұқият болуды ескертті

12 қазанда Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пайда болады) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Автокөліктердің жазғы дөңгелектермен жүрген ескере отырып, Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, күрт тежегішті баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті астаналықтарға жолдарда өте мұқият болуды ескертті.

«Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілер де айрықша сақтықтық шараларын сақтауы керек. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындарда кесіп өтуге, жарық қайтаратын элементтерді пайдалануға, құлаққаптарды алып тастауға және жолдан өту кезінде телефон арқылы сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз», - деп хабарлады ведомстводан.