Спорт

ШҚО-да құсбегілер арасында «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі өтті

Facebook желісінен

2 күнге созылған турнирге 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-нан астам көрермен келді, 90-нан астам құсбегілер қатысқан

ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының «Бүркіт төбе» алаңында «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында хабарлады.

2 күнге созылған турнирге 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-нан астам көрермен келіп, 90-нан астам құсбегілер қатысқан.

"Шығыс салбұрыны-2024" халықаралық турнирінің жеңімпаздары: 

Бүркіт құсы бойынша:

Бірінші орын - Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы);

Екінші орын - Күнтуган Серікбек (Астана қаласы);

Үшінші орын - Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы);

Үшінші орын - Бердымурат Олжас (Алматы облысы).

Қаршыға құсы бойынша:

Бірінші орын - Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы);

Екінші орын - Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы);

Үшінші орын - Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы);

Үшінші орын - Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы).

Ителгі құсы бойынша:

Бірінші орын - Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы);

Екінші орын - Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы);

Үшінші орын - Төлегенұлы Темірлі;

Үшінші орын - Иманзайып Ермек (Павлодар облысы).

Айта кетейік, қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқа шығыс қазақстандықтардың атынан, өңір басшысы Ермек Көшербаев Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.