Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors кубогын төртінші рет жеңіп алды
Ол финалда сербиялық Никола Йовичті 7:5, 6:1 есебімен жеңді
Шымкентте ITF J200 санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы Shymkent Open турнирі аяқталып, Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.
Ол финалда сербиялық Никола Йовичті 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Бұл – Заңғардың ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол бұған дейін Түркияда екі рет (J100 және J30) және Словакияда (J30) бір рет жеңіске жеткен болатын.