Қоғам

Текеліде жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды

Видеодан алынған кадр

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

11 қазанда Жетісу облысы Текелі қаласының Әуезов көшесінде жол апаты болып, үш адам қаза тапты.

«Жол апаты салдарынан үш адам қаза болып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері халықты ауа райы нашарлаған кездер рөлде барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.