Қоғам

Талғарда белгісіз біреулер марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберген

Видеодан алынған кадр

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, үй толығымен отқа оранған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алматы облысының полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне өрт фактісін растады.

«Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріледі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.