Жаңалықтар

«Екі ұлымыз түсіп қалды»: Баян Алагөзова егіз қыздары туралы шындықты айтты

Ғаламтор

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы өзінің үлкен қызы Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, жазда өмірге келген егіз қыздарына қатысты бар шындықты айтты.

Продюсер кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққан кезде-ақ балалы болғысы келетінін түсінген.

«Сәби сүйгім келетінін сүйікті адамыма тұрмысқа шыққан кезде бірден түсіндім. Алғашқы үш жылда өз денсаулығымды қалпына келтірдім. Үш жыл өткеннен кейін Тұрсын екеуміз осы мәселені қозғадық. Келесі күні Салтанат Байқошқароваға бардым. Ол кісіні бұрыннан білетінмін. Барлық анализді тапсырдым. Дәрігерлер маған табиғи жолмен де көтере аласың деді. Бірақ табиғи жолмен дүниеге бала әкелуге дайын емес едім. Екі-үш ай дайындалдым, гармоналды терапия жүргізілді», - дейді ол.

Продюсер бұған дейін де екі рет суррогат аналардың қызметіне жүгінген. Екеуінде де ұлды қалағанын айтты.

«Бірінші рет төрт жыл бұрын суррогат ана арқылы балалы болуға тырыстық. Бірақ ол кезде болмай қалды. Бала екі аптадан кейін түсіп қалды. Ол кезде уақыты келмеген шығар дедім. Эмбриондарды қатырып қойдық. Екі жылдан кейін қайта бардық. Бірақ тағы болмай қалды. Екеуі де ұл болған. Сөйтіп бір жылдан кейін үшінші рет келдік. Үлкен екі қызым болғандықтан, ұл қаладым. Алғашқы екі ретінде ұл бала болсын деп айтқан мен едім. Үшінші ретінде Тұрсын екі қыз болсын деді. Екі суррогат ананы үш ай іздедік. Сөйтіп қарашада Алисаны (ұрықты) салдық. Екінші ұрықты бір аптадан кейін салдық. Негізі екеуінің арасы бір-ақ апта. Алиса өз уақытында дүниеге келді. Ал Алма бір апта кешігіп келді. Сөйтіп айырмашылық екі апта болды», - дейді продюсер.

Екі жылдан кейін үшінші баланы өмірге әкелулері де мүмкін екенін жеткізді.