Жаңалықтар

«Қол көтергені үшін шеттетілген»: Демеу Жадыраевтың бапкерінің Олимпиадаға неге бармай қалғаны белгілі болды

Боранбек Қоңыратовтың жеке мұрағатынан

Парижде өткен олимпиада ойындарына Демеу Жадыраев жеке бапкерінсіз, жалғыз өзі барған болатын.

Күміс жүлдені еншілеген Демеудің жеке жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратовтың Олимпиада ойындарына неге бармай қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Vesti.kz порталы Федерация президенті Дәулет Тұрлыхановтың айтқан сөзін жеткізді.

«Демеу Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоңыратов – еңбек сіңірген жаттықтырушы. Бірақ Қазақстан чемпионатында сайыстың бас төрешісіне қол көтерді. Әрине, федерация мүшелері бұған бей-жай қарай алмады, ол жыл соңына дейін шеттетілді. Ол өзінің жазаланғанын жақсы біледі. Мұндай жағдайда шетелде 10 жылға шеттетер еді, залға ешқашан кіргізбес еді. Егер біз бұған көз жұмсақ, әр төрешімізді ұратын болса, балуандарымыздың күресін кім дұрыс бағалайды? Тәртіп болуы керек. Бұның бәрі Спорт сарайында жұрттың көзінше болды», - деген ол.

Демеу Жадыраев грек-рим күресінің балуаны. Париж олимпиадасында 77 келі салмаққа дейінгі категорияда күміс жүлде иеленген болатын.