Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Берік Әбдіғали Ұлттық музей директорының міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды.
Жаңа басшыны музей ұжымына Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды.
Берік Әбдіғали әкім қызметінен 2024 жылдың 9 қазанында босатылған еді. Дастан Рыспеков Ұлытау облысының жаңа әкімі болды.
Берік Әбдіғали 18.09.1971 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Ұлттық музей ресми түрде 2015 жылдың 9 шілдесінде ашылды. Қазақстанның ең үлкен музейі саналады. Астанадағы тәуелсіздік алаңында орналасқан.