T-LIFE

"Шаң басқан нөмірлер мен дұрыс қойылмаған көліктерді аңдыған": Германия азаматы шағым айту арқылы миллион еуро табыс тапқан

сурет: IMAGO/Dennis Duddek/ Eibner Pressefoto

Германияда 18 жастағы Никлас Маттей нөмірлері шаң басқан, дұрыс қойылмаған көліктерді аңдып, 1 миллион еуро табыс табыс тапқан. Яғни ол бұл туралы құзырлы органдарға хабарлап, биліктен ақша алған, деп хабарлайды t-online.de.

Оны енді кештер мен телешоуларға шақыру көбейген, онда бір рет сөйлегені үшін 100 мың еуроға дейін ақша табады. 

«Есепшотымда миллиард еуро болса да, мен үшін бұл жеткіліксіз», — деп амбициясын білдірді ол.

Қазір Никластың жеке жүргізушісі бар, ал ол өз жолын ескі велосипедпен бастаған.