"Жалғыз, күніне 20 сағат жұмыс істеп, макарон ғана жедім": Павел Дуров 18 жыл бұрын "ВКонтактені" қалай құрғаны туралы айтып берді
Павел Дуров өзінің Telegram-дағы каналында 18 жыл бұрын "ВКонтактені" қалай құрғаны туралы айтып, естелігін бөлісті. Сондай-ақ өзінің ақыл-кеңесін де айтқан.
Павел Дуров 18 жыл бұрын ВКонтакте-ні қалай құрғанын айтып берді: жалғыз өзі, яғни ағасы Николайдың көмегінсіз. Павел күніне 20 сағат жұмыс істеп, тек ұйқыға және макарон мен ірімшік жеуге уақыт бөлген.
Бета-нұсқасы 10 қазанда іске қосылғанда, алғашқы аккаунттарды ол базаға қолмен тіркеген. Бірнеше ай ішінде әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны 1 миллионға жеткен.
Дуровтың айтуынша, қиын жұмыс жоқ, тек бір қарағанда шамаң келмейтіндей көрінген тапсырмаларды бірнеше шағын жұмысқа бөліп тастау керек. Істі бөліктерге бөліп, олардың ретін тапсаңыз, бәрі де нәтижелі болады.