T-LIFE

"Эмили Парижде қалуы үшін күресеміз:" Франция президенті танымал Netflix сериалы туралы пікір айтты

коллаж: turkystan.kz

Netflix-тің аса танымал шоуы Франция туризміне үлкен пайда әкелгенімен, сериалдың жаңа маусымындағы оқиғалар ауаны Римге ауысты.

Бұған дейін француз БАҚ-ы бас кейіпкерді шынайы өмірден алшақ, стереотиптерге құрылған «қымбат киінген америкалық» кейіпкер деп сынаған болатын.

Алайда, Чикагодан келген маркетинг бөлімінің басшысы Францияда мәдени шоктарға тап болатыны туралы «Эмили – Парижде» сериалы Францияға туристердің ағылуына, сауда көлемінің артуына және Париждегі жылжымайтын мүлік агенттіктеріне деген сұраныстың көбеюіне септігін тигізіпті. Енді сериалдың 5-маусымы Римде өрбитіні саяси мәселеге айналып отыр, өйткені Франция президенті Эммануэль Макрон бұл сериалды Францияда қалдыру үшін күресетінін мәлімдеді.

Макрон американдық Variety шоу-бизнес журналына берген сұхбатында: «Біз бар күшімізбен күресеміз. Оларды Парижде қалдыруды сұраймыз! Эмилидің Парижден Римге көшуі – бұл ақылға қонымсыз» деді.

Макронның 71 жастағы жұбайы, бұрынғы мұғалім Брижит Макрон, шоудың төртінші маусымында эпизодтық рөлде ойнап, мейрамханада Эмилимен кездейсоқ кездескен сәтте оның Instagram парақшасын бақылап жүргенін айтады. Брижит Макронға алғашқы маусымда Эмилидің Instagram жазбасын бөліскені үшін сілтеме жасалған болатын. Түсірілім тобы Брижиттің рөлін «өзінше шебер ойнағанын» және оған өз киімін киюге рұқсат етілгенін айтты.

Макрон Variety журналына өзінің жұбайының рөл ойнағанына қатты қуанғанын айтты.

«Мен өте мақтандым, ол да қуана қатысты. Бұл небәрі бірнеше минут, бірақ оның көңілінен шықты деп ойлаймын», – деді ол. Сонымен қатар: «Менің ойымша, бұл Францияның имиджіне жақсы. «Эмили – Парижде» шоуы елге туристер тарту тұрғысынан өте оң әсер етті. Менің жеке ойымша, бұл өте жақсы бастама», – деді Макрон.

Өзіне эпизодтық рөл ұсынылған-ұсынылмағаны туралы сұраққа Макрон: «Мен Брижиттен гөрі тартымсызбын!» деп қалжыңдап жауап берген.

Қазір көрсетіліп жатқан «Эмили – Парижде» шоуының 4 маусымында оқиғалар Италия астанасында өрбіп, шоу жұлдызы Лили Коллинз жаңа қаладан жаңа мүмкіндіктер іздейді. Өткен айда шоу 5 маусымға ұзартылған кезде, оның оқиғалары Париж бен Рим арасында өрбитіні және Эмилидің Италияда да болатыны белгілі болған еді.