Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол»: Астанадан Көкшетауға дейінгі жол жабылды

istockphoto.com

Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды

Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.