Жаңалықтар

Скутер мінген Мақпал Жүнісова көпшілікті күлдірді (ВИДЕО)

скриншот

Әнші Мақпал Жүнісова шетелде демалып жатқан сәтінен желіде қызықты видео жариялап, оқырмандарын күлдірді.

Видеода әншінің скутер тізгіндеп бара жатқанда, гидті абайсызда суға құлатып алғанын көруге болады.

«Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады», - деген жазба қалдырды ол. Видео соңында Жүнісова артына мінгесіп жатқан ер баланы суға құлатып алады.

Желі қолданушылары жазба астына күлкіге қарқ қылдырғанын айтып, түрлі пікрлер жазған.

«Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой», «Сенген серігім сен болса» дегендей болды ғой», «Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді», «Бәрін күлдіреді де, жүреді», «Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты», - деп жазуда оқырмандар.