Жаңалықтар

«TikTok-та қатты шулады»: Танымал әзілкеш үйленгенін жоққа шығарды

скриншот/YouTube

Ол үйленіп жатқан сәтінде түсіріліген видеолары түсірілім алаңындағы кадр деп түсіндірді.

«Миллион» командасының мүшесі, актер Қанат Тасхан өзіне қатысты айтылып жатқан қауесетке нүкте қойды.

Әлеуметтік желіде әзілкештің үйленіп жатқан сәтінен видео тараған. Алайда ол аталған видеодағы кадрлар әннің бейнебаяны үшін түсірілгенін айтты.

«Мені үйленді деп кім айтып жүр? Үйленсем, үйлендім деп айтпаймын ба? Оны жасырып не қыламын? Қайрат Нұртас емеспін ғой. TikTok қатты шулады, өзімді соншалықты танымалмын деп ойламаппын. Не қазақ өсекке құмар, не мен қатты танымалмын. Үйленсем, бәрін шақырамын. Ал ол «Не жүріс?» деген әннің бейнебаяны, алдағы уақытта жарыққа шығады», – деді актер Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында .