Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейс іске қосылады
2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейс ашылмақ.
2025 жылдың көктемінде Қазақстаннан Австрияға тікелей рейс ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
«Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті», – делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.