Алматы облысында Lenovo компаниясы директорының мәйіті табылды
Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады.
9 қазанда Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қара сұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Ермек Жақыпжанов Lenovo компаниясында бір жарым жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.
Полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған.
«Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 42 жастағы ер адам жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.