Жаңалықтар

Қостанай облысындағы дала өрті сөндірілді

Сурет: istockphoto.com

Бұл турады ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысында дала өртін сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп жанды.

Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындады.

Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің су төгу құрылғысы бар тікұшақ тартылды. Авиация 4 рет жалпы көлемі 8 тоннадан астам су төкті.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңдағы өрттің таралуына жол берілмеді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.