Қоғам

«Баламның ұл болғанын қаладым»: Баян Мақсатқызы құпиясын айтты

Ашық дереккөзден алынған

Баян Алагөзова ұл баланың анасы болғысы келген.

Танымал продюсер Баян Алагөзова блогер Айсауле Бақытбектің “Сырласу” бағдарламасында біраз жайттың бетін ашты, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі проюсердің айтуынша, ЭКО жасату туралы ойды күйеуі Тұрсын Алагөзов білдірген. Салтанат Берденовнаның емханасында жасалған ЭКО бірнеше мәрте сәтсіз аяқталған. Бірінші және екінші рет ұрықтандыру кезінде Баян Алагөзова ұл бала қалағанын жасырмады. Бірақ та оның ойы жүзеге аспаған.

“Менің екі қызым бар. Сондықтан менің ойым ұл баланың анасы болу еді. Себебі қыздардан кейін ұл балаға қарау және ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткергім келді. Бұл тек қана өзгешілік болсын деген ойдан ғана туындаған. Ұрпақ жалғастыру немесе жеті атасын толықтыру мәселесіне тіреліп тұрған жоқ”, - деді Баян Алагөзова.