«Ақпаратты шұғыл өшірсін!»: Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне қысым көрсетіле бастағанын мәлімдеді
Қайрат Нұтастың жары күтпеген мәлімдеме жасады.
Танымал актриса баспанасына қатысты даудың алғашқы сот отырысы өткенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Алайда… Осы процессті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда, көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ… Өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, “…сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз переговорға шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!”-деген сәлемдеме жолдапты», - деп жазды ол әлеуметтік желіде. Бірак актриса бұл адамдарды көрмегенін айтты.
«Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын сот процессінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.