Жаңалықтар

Елдос Сметов «Өнер қырандары» театрына қажылыққа жолдама сыйлады

скриншот

Ал Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйырғанын қалайтынын айтты.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бірнеше күн бұрын ұлдарының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады.  Кеште спортшы «Өнер қырандарының» мүшесі Мадияр Серікбаевқа кіші қажылыққа жолдама сыйлады.

Бұл туралы «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының мүшесі Мадияр Серікбаев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

«Ал құрметті ағайын, бүгін Елдос бауырымыздың шаңырағындағы дүбірлі тойында осындай қасиетті мекенге умра сапары табысталды», - дейді ол видеода.

Ал Елдос Сметов сертификаттың нағыз мұқтаж жанға бұйырғанын қалайтынын айтты.

«Нағыз мұқтаж, нағыз Алланың шақыртқан адамының баруына тілектеспін», - деді Олимпиада чемпионы.