Жаңалықтар

Алматыда 42 жастағы ер адам жоғалып кетті

instagram/yermek

Ер адамды іздеумен Алматының «LIDER.KZ» еріктілері айналысып жатыр.

Алматыда Ермек Жақыпжанов есімді ер адам 9 қазанда таңғы уақыттан бері хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Ер адам жоғалмас бұрын әдеттегідей жұмысқа кеткен. Бұл оқиға 9 қазан күні шамамен 07:30-да болған.

Жәкіпжанов Hyundai Genesis көлігімен жүрген. Ер адамды іздеумен Алматының «LIDER.KZ» еріктілері айналысып жатыр.

Аталаған жайтқа қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті пікір білдірді.

«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр», - деді ведомство өкілдері.