Жаңалықтар

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Ерлер командасы үздіктер қатарына кірді

olympic.kz

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті. Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.

Айта кетелік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.