Жаңалықтар

Баянауыл ұлттық паркінде заң бұзушылықтар анықталды

istockphoto.com

Қадағалау актісі бойынша жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Баянауыл ұлттық паркінде прокурорлық тексеріс барысында жерді өз бетінше басып алу, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылданып жатыр (ауданы 1,9 га 4 объектіні бұзу арқылы 4 учаске босатылды).

Сонымен қатар прокурордың наразылығы бойынша Орман шаруашылығы комитеті туробъектілерді орналастыруға орын бергені үшін тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.