ШҚО тұрғыны 20 жылдан астам уақыт құжатсыз жүрген
20 жылдан астам уақыт бойы ер адам құжаттардың толық болмауына байланысты қиындықтарға тап болған
2024 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында ҚР ІІМ Жоғарғы комиссар басқармасымен және БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігімен бірлесіп, елімізде тұратын азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша акция өткізіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері бұған дейін үш азаматтың өмірін өзгертіп үлгерген.
Солардың бірі – көптеген жылдар бойы Өскеменде тұрып келе жатқан Павлодар облысының тумасы. 20 жылдан астам уақыт бойы ер адам құжаттардың толық болмауына байланысты қиындықтарға тап болған, өкінішке орай, денсаулығына байланысты оны уақытында алуға мүмкіндік болмаған.