Жаңалықтар

Елімізде қазан айы басталғалы бері 54 есірткі қылмысы анықталған

istockphoto.com

Қазан айының басталғалы бері ел бойынша 54 есірткі қылмысы анықталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 келіден асады. Оның ішінде 214 кг марихуана, 5 кг гашиш, 31 кг синтетикалық есірткі бар.

Алматы облысында, Екібастұз қаласында есірткі зертханалары жойылды.

Елордада есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлерді жапсырумен айналысқан 27 жастағы әйел ұсталды. Ақмола облысында есірткіні өз үйінде және жалға алынған жертөледе сақтаған 54 жастағы ер адам қамауға алынған.

«ІІМ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда», – деді ІІМ ресми өкілі.